Қалалық қоғамдық-саяси газет

Арнайы мекемелердегі ревакцинациялау

0 281

  Әлемде вирустың жаңа штамы пайда болған күннен бастап, ревакцинация науқанының алгаритімі бекітілген болатын. Бүгінде еліміздің бір қатар өңірлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты «қызыл » белдеуде,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

   Осыған орай, Жамбыл облыстық ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінде отырған сотталғандар мен тергеудегі азаматтарға да коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация және ревакцинация жасау жалғасып жатыр. Жауапты мамандардың айтуынша «Омикрон» штамынан қорғану үшін ағзада жеткілікті мөлшерде анти-дене болуы керек. Коронавирустың жаңа штамдарымен күресте ревакцинацияның рөлі зор. Вакцинацияның екі дозасын алған барлық адамдар 6 ай өткен соң қайта екпе алуда. Екі компонентті салдырған адамның ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер қалыптасады. Осылайша, вакцинаның толық курсынан өткен адамдарға QR- коды бар вакцинация куәлігі тағайындалады. Мекемеге сырттан келіп жатқан азаматтардың барлығы бетперде режимі мен арақашықтықты сақтай отырып, жаппай вакцина алуда.

   Екпе ерікті түрде салынады. Қылмыстық атқару жүйесінде қызмет атқаратын медицина қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қайта имундау науқанынан бас тартқандар саны жоқтың қасы. Инфекциядан қорғану мақсатында басталған жұмыстар оң нәтижені көрсетіп отыр. ТОО «Садыхан» медициналық орталығының қызметкерлері көмегімен бір күннің ішінде тоқсанға жуық адам «Казвак» вакцинасымен қайта вакциналанды. Індеттің өршуінің алдын алу үшін жаппай ревакцинациялау әлі де жалғасады, – деді мекеменің медицина бөлім бастығы әділет майоры А.А.Есалиева.

Медицина бөлімінің қызметкері: Ибрагимова Эльвира

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.