Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көбі біле бермейтін қазақша тағам атаулары

0 290

  Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтудің бір жолы – қазақша қызмет ұсынуды, соның ішінде қазақ тіліндегі мәзірді талап ету. Қазақ тілінде көбі біле бермейтін тағам атауларын ұсынамыз.

Уыз көже – уыздан пісірлген дәмді тағам.

Ақлақ – қой сүтінен жасалған,  ірімшікке сары май қосылған тағам.

Меңіреу – қой сүтінен жасайтын дәмді қатық түрі.

Шұжық – етті ішекке салып жасайтын дәмді тағам.

Сүр – қысқы соғымнан қалған ет.

Қарта – жылқының ішегі, кәделі тағам.

Жал – жылқының жалының майы.

Жая – малдың жаясының еті, кәделі тағам.

Ақсорпа – соғым сүйектерін қайта қайнатқанда шығатын сорпа.

Күлше – табада пісірілетін нан.
Шалап – айранға су қосылған сусын.

Майсөк – майға бөктірген сөк.

Мипалау – мал миынан жасалатын тағам.

Ақтүймеш – қауын қағы мен талқанды келіге салып түйіп жасаған тағам.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.