Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұңғыш Президент саябағы

0 974

Таразда сәулеті мен сәні келіскен орындар баршылық. Соның бірі – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақ. Расында, қала жылдан-жылға көркейіп, көптеген нысандар бой көтерсе де, Президент саябағын арнайы барып тамашалайтын тұрғындар мен қонақтардың қарасы үзілмейді. Себебі саябақ Тараздың символындай. Естеріңізде болса, тәуелсіздік туындысы болған саябақта соңғы рет 2009 жылы көркейту жұмыстары жүргізілген еді.
Биыл облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таразға тарту» жобасы аясында саябақ жаңғырып, көз тартатын орындар айшықтала түсті. Демек, Шу, Қордай аудандарының Таразға тартуы жемісті жүзеге асты десек болады. Енді ондағы жасанды көлшік пен амфитеатр қала тұрғындары үшін таптырмайтын орынға айналды. Амфитеатр құрылысын «Әулиеата» ЖШС жүргізсе, ал «Адия Групп» ЖШС осы саябақтағы жасанды көлшіктің суын тазартып, шаруаны эскиздік жобаға сай орындаған.

Сәндібек Піренов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.