Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ізгілік елшілері

0 1  188

«Grand bazar» сауда орталығында қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің белсенді мұғалімдерінің бірлесе ұйымдастырумен «Ізгілік елшілері» атты қайырымдылық акциясы өтті.

Тұрмысы төмен, көмекке зәру жандарға қол ұшын созып, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 80-ге жуық отбасының мүшелері қажетті киім-кешектермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 5 жанұяға киім-кешекті ерікті жастар өздері жеткізіп берді.
Акция соңында сауда кешенінің өкілдері жастарға алғыстарын білдіріп, мұндай игі шараға қашанда атсалысуға дайын екендерін жеткізді.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.