Бір күн бұрын әлеуметтік желілерде итті көлігіне байлап Орал көшелерімен сүйреген видео жарияланды. Жүргізушінің әрекеті құқық бұзушылық ретінде қарастырылмаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, 18 қазанда ер адам үйінің жанынан бейтаныс иттің өлігін тапқан. Ит аузынан көбігі ағып, өлі жатқан.
«Ит жұқпалы болуы мүмкін деп ойлап, онымен физикалық байланыста болмай, оны көлігінің корпусына байлап, қала сыртына шығарып, жануардың мәйітін көмген», – делінген хабарламада.
Полиция бұл әрекетте ешқандай құқық бұзушылық байқалмағанын көрсете отырып, ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны айтылады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оралда итті көліктің артына байлап суреген видео пайда болған.
Полиция бөлімі көліктің жүргізушісін анықтады. Бұл 55 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.