Қалалық қоғамдық-саяси газет

Оралдағы әуежайға Мәншүк Мәметованың аты берілетін болды

0 52

Оралдағы әуежайдың аты өзгертілетін болды. Бұл туралы облыстық мәслихат сессиясында шешім қабылданған болатын, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

20 қазанда облыстық мәслихаттың сессиясы өтті. Тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Света Ганиеваның айтуынша, мұндай ұсыныс қоғам қайраткерлері мен депутаттардан түскен.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшелері мен облыстық мәслихат депутаттары «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-нің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады. Әуежайға Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атын беру туралы ұсынысты қолдауды сұраймын”, – деп атап өтті Света Ганиева.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Мәншүк Мәметова – Орал өңірінің тумасы (қазіргі БҚО), Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Ол Қызыл Армияда пулеметші болды. Ол соңғы шайқаста 70-тен астам қарсыласын жойып, 1943 жылдың күзінде қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.