Қалалық қоғамдық-саяси газет

Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлейді – фейк

0 245

Instagram-да Halyk Bank әрбір қазақстандыққа ай сайын 117 700 теңгеден төлеуге тиіс деген ақпарат тарап жатыр. Бұл – фейк, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake басылымы.

Instagram-да пайда болған бұл «жарнама» қоғамда бірден резонанс туғызды.

Stopfake.kz бұл алаяқтардың ісі екенін ескертіп, банктің тұтынушыларды қолдау қызметінің мәлімдемесін жариялады:

«Бұл алаяқтар! Сақтық танытып, берілген сілтеме бойынша өтпеулеріңізді сұраймыз. Банк өнімдері, қызметтері және өткізетін акциялары бойынша барлық өзекті ақпарат банк сайтында жарияланады.
Сондай-ақ жарнаманың ресми ресурста емес, The Ticket West Michigan деп аталатын парақшада таралғанына назар аудару керек. Бұл АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Рапидс қаласында хабар тарататын коммерциялық спорттық радиостанцияның атауы. Олардың ресми сайтында қазақстандықтарға банктік төлемдер жасалатыны туралы жарнамаға тапсырыс бергенін растайтын ешқандай ақпарат жоқ», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жарнамада көрсетілген сілтемемен өткен кезде пайдаланушылар іс жүзінде жоқ сайтқа түседі, демек, ол жойылған немесе бұғатталған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.