Қалалық қоғамдық-саяси газет

Головкин Канеломен жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

0 197

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жегі үшін Лас-Вегасқа келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Головкин суретін Instagram-парақшасында жариялап, «Вегастамын. Жекпе-жек аптасына дайынбыз 🦾», деп жазды.

Еске салайық, трилогия 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Мексикалық спортшы иелігіндегі IBF, WBC, WBA Super және екінші орта салмақтағы WBO титулдарын сарапқа салады. Бұл Головкиннің осы салмақтағы дебют жекпе-жегі болмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.