Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халық санағы ТЖ режимін енгізу және адамдарды мәжбүрлеп эвакуациялау үшін қажет: Ақпарат желідегілерді шошытты

0 268

Әлеуметтік желілерде халық санағына енгізілген тұрғын үй туралы сұрақтар үкіметке елде төтенше жағдай режимін енгізу және адамдарды белгісіз бағытта эвакуациялауды жеңілдету үшін қажет деген ақпарат таратылуда, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына на сілтеме.

Таратылған видеода мәжбүрлі эвакуация туралы теорияны белгілі вакцинацияға қарсы тұлға және қастандық теорияларын жақтаушы Алина Лушавина айтады.

Бұл жолы Лушавина биыл халық санағы бірден бірнеше елде өтіп жатқанын және бәрінде де тұрғын үй жайлы сұрақтар бар деп мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл әлемдік үкіметтің азаматтарды меншіктен айыруды жоспарлап отырғандығын айтады. 

Айта кетейік, жеке немесе жалға алынған үйлер мен пәтерлер туралы сұрақтар сауалнамаларда биыл емес, бұған дейінгі халық санақтары кезінде енгізілген. Мысалы, Eurostat сайтында 1991, 2001 және 2011 жылдардағы Еуроодақ азаматтарының тұрғын үй туралы статистикалық деректерін көруге болады. Бұл ақпаратты жинағаннан кейін адамдар үйлерден шығарылмағаны және жаппай эвакуация жүргізілмегені анық.

Адамдарды көшіру және оларды меншік құқығынан айыру идеясы жаңа әлемдік тәртіп туралы копрологиялық теорияға негізделген. Оны жақтаушылар БҰҰ жақын арада адамдарды барлық меншіктен айыруды, отбасы институтын жоюды, ата-аналарға өз балаларын тәрбиелеуге тыйым салуды, әлемнің барлық елдерінің егемендігін, валюталарды жоюды және бірыңғай әлемдік банк құруды жоспарлап отырғанына сенімді.

Бұл ақпарат жалған болып шықты.

«Халық санағы адамдарды тұрғын үйден айыруға бағытталған деген қауесетке сенудің қажеті жоқ. Олар бүгінде әшкереленген қастандық теориясына негізделген және ешқандай дәлелі жоқ», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.