Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ауғанстан астанасында болған жарылыстан 15 адам қаза тапты

0 296

Ауғанстанның астанасы Кабулда Денсаулық сақтау министрлігіне жақын орналасқан әскери госпиталь маңында жарылыс орын алды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір топ лаңкестің аурухана ғимаратына кіріп кеткені айтылады. Медициналық мекеменің жанында жанкешті өзін өзі жарып жіберген. Сондай-ақ куәгерлер екінші жарылыс пен атыс болғанын айтады.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, шабуылдан 15 адам қаза тауып, тағы 34 адам түрлі жарақат алған.

400 орынға лайықталған аурухана Ауғанстан астанасының оныншы ауданында орналасқан.

Айта кетейік, осы жылдың қазан айында Құндыз провинциясындағы Сейд-Абад шиит мешітінде жарылыс болып, 100-ге жуық адам опат болған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.