Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халықпен кездесу – ертеңге бағдар

0 194

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынған болатын. Осының аясында тұрғындардың тілегіне құлақ түріп, мәселелерімен жете танысудамыз.

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес 2022 жылғы қыркүйек айымен 2023 жылғы шілде айы аралығында 12 (2022- 5, 2023-7) кездесу өткізілген. Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген. Іс-шара жоспарына жалпы 99 (2022-18, 2023-81) мәселе енгізілген. Мәселелердің 69 пайызы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тиесілі немесе 68 сұрақ.

Бүгінгі күнге 99 мәселенің 56-ы орындалса, 35-і орындалу үстінде және 8-і тапсырма қаражат қажеттілігіне байланысты мерзімінде шешімін таппай отыр. Мысалға, тұрғындардың Молдағалиев көшесіндегі зираттың құжаттарын рәсімдеу, қоршау туралы ұсынысына сәйкес жер телімі «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне беріліп 2023 жылы келісімшарт құны 1,919 млн. теңгеге «ДМД» жеке кәсіпкермен зират аумағын қоршау жұмыстары жүргізілді.

№3 аумақтық округі тұрғындарымен өткізілген кездесу барысында көтерілген Көшеней көшесі №76 үйдің ауласына тынығу орынына самалжай (беседка) орнату туралы мәселе қанағаттандырылған.Сухамбаев көшесінің 2- бұрылысы үйлерінің кешкі уақытта жарық қысымының нашарлауы бойынша мәселе Тараз қалалық электр жүйелерінің станциясы (ТГЭС) тарапынан тұрғын үйлердің басым бөлігі бір фазаға қосылғандығын анықтап, 3 фазаға бірдей бөлу жұмыстарын жүргізді,бүгінгі күнге жарық қысымын қалыпа келтірді. Бөлтірік шешен – Қ.Жалайыри, Бөлтірік шешен-Рысбек батыр, Ы.Сүлейменов-Рысбек батыр көшелеріне бағдаршам орнату бойынша бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу кокурсы өткізілуде. Конкурс нәтижесімен мердігер анықталғаннан кейін мәселе шешімін табады.

Іс-шаралар жоспарындағы мәселелердің орындалу барысы тұрақты бақылауда және халықпен кездесулер алдағы уақыттада кестеге сәйкес жүргізіледі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.