Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елдің мәртебесі – мәдениетінде

0 197

Мәдениет – қоғам айнасы, ұлт мәйегі. Әсіресе халықтың мәдени санасы көтерілмей, өзге салаларда ілгерілеу болмайды. Бұл тұрғыда мәдени нысандардың орны бөлек. Ал мәдени ордалардың көркеюі салаға серпін беріп ғана қоймай, тұрғындарға да жайлылық сыйлайды.

Бүгінде көне шаһардағы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Құрылыс жұмыстарын «Айт-Мус Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Қазіргі уақытта ғимараттың шатыры толық ауысып, қасбетін әрлеу жұмыстары бітуге таяу. Қалған үнемделген қаржыға мекеменің ішкі бөлмелері мен фойелері, көрермен залы жөнделеді. Құрылыс басында бүгінде 20-ға жуық адам еңбек етуде. Сондай-ақ 2023 жылдың 7 айы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында 8, қазақ тілінің латыннегізді әліпбиіне көшу мақсатында – 37 , ономастика саласы бойынша – 7 іс-шара ұйымдастырылды. Әлеуметтік желіде «Жаңа қазақ әліпбиі», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Қазақ тілі – ғажап тіл» челленджі сынды жобалар жүзеге асырылды.

2023 жылы 10 көшеге жаңа атау берілді. Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 1, бұрылыстар – 2, қайталанатын атаулар – 2, бұрылыстар – 3, атауы жоқ жаңа көшелер – 1, жаңа алқап – 1. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 7 маусымында Тараз қаласындағы бірқатар мағынасы ескірген және атауы жоқ 22 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліпреспубликалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.Оның ішінде мағынасы ескірген көшелер – 21, атауы жоқ жаңа көше – 1.

Кітапхана бүгінгі таңда қоғамдық әдебиет пен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өз пайдаланушыларының жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына үлесін қосып отырған ақпараттық орталық. Қала бойынша 8 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді.Барлық кітапханалар ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Кітапханалардың жалпы кітап қоры 405936 дана, мемлекеттік тілде 174 461 дананы құрайды. 38 632 адам бүгінгі күнге кітапхана оқырмандары болып тіркелген. 1 038 мәдени көпшілік іс-шара өткізіліп, 35 659 адам қатысқан.

Кітапханаларды қолдау, кітап қорын толықтыру мақсатында жергілікті бюджеттен өткен жылы 8 742 681,00 теңге бөлініп, 3498 дана, оның ішінде мемлекеттік тілінде –2894 дана жаңа кітаптар сатып алынды.

Биылғы жылы жалпы 19 000,0 теңге бөлініп, 2023 жылдың 7 ай ішінде 2 630 040,0 теңгеге 930 дана, оның ішінде мемлекеттік тілінде 725 дана жаңа кітаптар сатып алынды. Кітапханалардың материалдық-техникалық базаларын нығайтуға 2022 жылы Абай атындағы орталық кітапханасының абонемент бөліміне 2 450,0 тг қаржы бөлініп,ағымды жөндеу жұмысы жүргізіліп,қажетті жиһаздармен жабдықталды. Биылғы жылы №4 кітапханасына қала аумағындағы халқы тығыз орналасқан «Бәйтерек» ықшам ауданындағы №8 үйдің бірінші қабатынан жай беріліп, маусым айында 6 440,2 теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жиһаздармен жабдықталып , шілде айынан бастап оқырмандардың пайдалануына берілді. Кітапхананың кітап қоры 12 500 дана, сондай-ақ оқырмандарына абонемент, оқу залы, «Коворкинг» білім беру орталығы қызмет көрсетеді. Кітапханаға келушілердің бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдай жасалған. Сонымен қатар М.Әуезов атындағы кітапханасының қас бетіне шілде айында ағымдағы жөндеужұмысы жүргізіліп, жөндеу жұмыстарына 8 444,0 теңге жұмсалды. Кітапханалардың жалпы жай – күйлері қанағаттандырарлық жағдайда.

Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында 164 шара ұйымдастырып, 95 140 адам қамтылды. Атап айтсақ, қала тұрғындарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Халықаралық аналар күні»мерекесіне орай№1 әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығындағы аналарға арнап«Асыл әже» атты мерекелік шара,ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында «Ұмыт болған оюлар» құрақшылар әлемі фестивалі өткізілді. Іс-шараға қаламыздағы кәсібін жүргізіп отырған 30-ға жуық аналар мен қыз – келіншектер қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.

«Шапағат» медалінің иегері кәсіпкер Анар Бексұлтанова шара барысында фестивальге қатысушыларға шеберлік сыныбын ұйымдастырып, фестивальге қатысқан өнер шеберлеріне тігін машинасы сыйлыққа берілді.

«Наурыз» мерекесіне арналған қаламызда «Наурыз жаршысы» атты жылжымалы меркекелік экипаж ұйымдастырылды. Қаламыздан шалғай орналасқан алқаптар мен шағын аудандардағы және қаламыздың ірі көшелерінде, халық көп шоғырланған орындарға арнайы ат басын бұрып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаумен қатар шашу шашып, құрт, бауырсақ, тәттілер таратып көпшіліктің батасын алды.

Халықаралық отбасы күні мерекесіне арналған «Отбасы – аялы алақан мекені» атты шара ұйымдастырылды. Шара барысында «Әкем анам және мен» спорттық отбасы ойыны, «Отбасы бақыт мекенім» атты сурет салу байқауы өткізіліп жеңімпаздармен қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерлерінің(«Берікқара», «Рауан», «Болашақ»)демалушыларына «Жайдарлы жаздан, естен кетпес естелік» атты мерекелік шара апта сайын ұйымдастырылды. Балақайлар арасында асық ату, дартс, стол тенисі, арқан тартыс, доп ойыны, қол күрес, шахмат ойындары ұйымдастырылып, қуыршақтардың кейпіндегі персонаждар балалардың көңілін көтерді. Сондай-ақ әр сенбі күндері, кешкі уақытта түрлі тақырыптағы мәдени шаралармен сенбілік кештер өткізілуде.

Қаламыздағы жас талантты өнерлі жастарымызды қолдау мақсатында түрлі байқаулар мен фестивальдер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Ұлтымыздың салт-дәстүрін сақтауға шақыру мақсатында «Ер қаруы – Бес қару» ұлттық ойындар фестивалі, «Жігіт сұлтаны – 2023» жігіттербайқауы,«Кішкентай Ханзадамен Ханшайым»,«Тараз аруы»,байқаулары, Ұлы дала тұлғаларының бірі, күйші, қобызшы Ықылас Дүкенұлының 180 жылдығына арналған «Қобыз сыры» атты қобызшылар фестивалі, Қазыналы қариялардың ақ батасы мен өнегелі тәлімін жастарға үлгі ету мақсатында «Батаменен ел көгерер» атты қалалық ардагерлар арасында бата беру байқауы өткізілді.

Қ.Рысқұлбеков саябағында қала өнерпаздарымен 70- 80- 90 жылдардағы әндерден «Біз сағынған әндер» атты ретро концерті ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.