Қалалық қоғамдық-саяси газет

Германия Премьері ауызашар берді

0 472

ГФР құрамындағы Солтүстік Рейн-Вестфалия Премьер-министрі қасиетті Рамазан айында мұсылмандарға ауызашар берді деп жазды turkystan.kz.

Дюссельдорф қаласында Германияның ең көп қоныстанған штаты Солтүстік Рейн-Вестфалия Үкіметінің басшысы Хендрик Вюст мұсылмандар үшін ауызашар берді. Қасиетті Рамазан айының құрметіне ұйымдастырылған бұл шараға түрік дипломаттары, ірі бизнес өкілдері және басқа да қонақтар шақырылды.

«50-жылдары біздің елімізге мигранттар көптеп көшіп келді. Олар еліміздің дамуына үлкен үлес қосты. Бұл жерде олардың балалары мен немерелері айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мысалы, BioNTech пен Огур Шахинды атасақ болады», – деді Хендрик Вюст.

Сонымен қатар, Премьер-министр босқындар мен Украинадағы жағдайға байланысты өз ойын айтты.

«Біз Украинадағы жағдай соншалықты ауыр болады деп күтпедік. Бірақ жағдай күннен-күнге қиындап барады. Біздің елімізге соғыстан қашқан миллиондаған адамдар ағылып келуде. Күні бойы әйелдер мен балалар тамақсыз, сусыз, шекараның бойында күтіп тұруға мәжбүр. Біз олардың жағдайын білеміз. Оларға барынша көмектесуге тырысып жатырмыз», – деп мәлімдеді министр.

Ауызашар азан шақырып, Құран оқумен басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.