Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлттық қауіпсіздік комитетін қайта құру жоспарланып отыр

0 509

ҰҚК төрағасының тиісті жарлық жобасы «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтқанда, мына құрылымдар қайта құрылады:

  • «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мен «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» «Ақпаратты техникалық қорғау мен мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығымен» біріктіріледі;
  • Маңғыстау облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Ақтау» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
  • Алматы облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Алматы» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
  • Шығыс Қазақстан облысы шекара қызметі департаментінен ҰҚК Шекара қызметінің «Жаңғызтөбе» жабдықтау басқармасын бөліп шығарады;
  • ҰҚК Авиациялық басқару мекемесі ҰҚК Авиация қызметіне қосылады.

Осылайша Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында мына құрылымдар қалады: Авиациялық қызмет, Шекара қызметі, Сыртқы барлау қызметі, Үкіметтік байланыс қызметі және «А» арнаулы мақсаттағы қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.