Қалалық қоғамдық-саяси газет

Есірткіге елірткендер еркінсімейді

0 1  875

Бүгінде елімізде есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жүйелі жүргізілуде. Мәселен, облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 3 айының өзінде есірткі қылмысына қатысты 169 деректі анықтаған.

Оның ішінде 35-і есірткі құралдарын өткізу, 20-сы соларды сақтау, 2-і наша контрабандасы, 1-і улы заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындап, қайта өңдеу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен жабдықтардың заңсыз айналымы, тағы 1-і психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу жайттарына тиесілі. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде заңсыз айналымнан 171 келі 349 грамм түрлі есірткі заттары, оның ішінде 130 келі 650 грамм марихуана, 39 келіден астам «гашиш», 2 грамнан астам героин және 786 грамм синтетикалық есірткі заттары тәркіленген.
Әрине, мұндай қылмыстардың жолын кесіп қана қоймай, оларды болдырмау да аса маңыз- ды. Бұл бағытта да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, басқарма тарапынан білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт салаларымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, орта оқу орындарының оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған 142 түрлі іс-шаралар өткізілген. Кездесу, дәріс, семинар, дөңгелек үстел форматтарында өткен шаралар барысында есірткіге қарсы сипаттағы бейнефильмдер, слайдтар көрсетілген.
Сонымен қатар ағымдағы жылы Тараз қаласы әкімдігінің, облыстық, қалалық жергілікті полиция қызметкерлерімен, сондай-ақ «Тараз студенттер Альянсы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, ойын-сауық мекемелерінде құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған 35 рейдтік іс-шара және оқу орындарында нашақорлық фактілерін анықтау бойынша 12 рейдтік іс-шара өткізілген. Шаралар барысында қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (кальян) тұтынуға тыйым салуды бұзу бойынша 42 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Соған орай аталған мекемелердің иелері мен әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданған. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.