Қалалық қоғамдық-саяси газет

Енді жастар әскерге SMS хабарламалар арқылы шақырылад

0 242
 Мерзімді әскери қызмет мерзімі бұрынғыдай 12 айды құрайды және әскерге шақырудың экстерриториялық принципін қарастырады, яғни Жамбыл облысынан тыс жерде. Әскерге шақырлатын азаматтардың денсаулық жағдайына қойылатын талаптар өзгерген жоқ. Әскери қызметке дені сау, әскерге жарамды шақырушылар шақырылады, сонымен бірге шағын шектеулері бар шақырушыларды шақыру рұқсат етілген.
 Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары – жасақтау басқармасының бастығы полковник Хасен Қарабаев айтты.
«Өткен жылдары шақырылушыларды хабарлау тек шақыру қағазын беру арқылы жүзеге асырылған, биылдан бастап ұялы байланыс операторлары жіберетін электронды «SMS хабарламалар» кеңінен қолданыла бастады. Бұл шара азаматтардың еңбек көші-қонымен түсіндіріледі, соған байланысты шақыру қағаздарын жеткізу мүмкін емес. Әскерге шақырылушы шақыру учаскесіне келмеген жағдайда іздестіру және жеткізу тиісті ішкі істер органына жүктеледі», – деді спикер.
 Оның сөзінен белгілі болғандай, Қылмыстық кодекстің 387 бабына сәйкес, әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару – бір мың айлық (3 063 000 тенге) есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 «Қылмыстық жауапкершіліктен босату әскерге шақырылушы әскерге шақыру учаскесіне өз еркімен келген жағдайда ғана мүмкін болады», – деп атап өтті Хасен Юмабайұлы.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.