Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда қамкөңіл балалардың ахуалы назардан тыс қалмайды

0 169
Бүгінгі күні Жамбыл облысында 0-18 жас аралығындағы балалар саны 442 276. Оның 1245-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. Кәмелетке толмаған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және оларды есепке алу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
 Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Досыбаева Айдын айтты. Оның мәліметінше, 2022 жылы 120 бала анықталып бастапқы есепке алынды. Олардың 78-і қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 1-і патронаттық тәрбиеге беріліп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерге 34 бала орналастырылды.
«8 бала жаңадан анықталып, отбасына орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Биыл арнайы мекемелерден 9-шы сыныпты бітіріп шыққан 7 түлек өз қызығушылықтары бойынша мамандықтар таңдап, колледждерге грант есебінен оқуға түсті. Бала құқығын қорғау – қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын білім бөлімі жұмысының бірден-бір бағыты. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдар саны – 570, онда 57 075 бала тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі: 1-6 жас аралығында – 91,5%, 2-6 жас аралығында – 94,1%, 3-6 жас аралығында – 100%», – деп атап өтті спикер.
Айдын Орынбекқызының айтуынша, 443 күндізгі мектепте 237 641 оқушы білім алуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.