Қалалық қоғамдық-саяси газет

“Дикий Арманның” қамау мерзімі тағы да 2 айға ұзартылды

0 516

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді,, – деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты», – деді Жарылқасын.

Бас прокуратура мәліметінше, Жұмагелдиев мына баптар бойынша күдікті ретінде қамауға алынған:

– ҚК 287-бабы, 4-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»;

– ҚК 272-бабы , 2-бөлігі «Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу»;

– ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы «Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу».

”Адырна” ұлттық порталы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.