Қалалық қоғамдық-саяси газет

4 пайыздық несимен құны 15 миллионнан жоғары көлікті алуға бола ма?

0 440
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жаңа автокредит бағдарламасы бойынша 15 миллионның көлігін алуға болатынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер жеңілдетілген автокредит бағдарламасының шекті сомасы туралы сұрады.
«Мысалы, маған 10 миллион теңгенің көлігі ұнамай қалды. Ондай жағдайда 15 миллион теңгеге алуға мүмкіндік бола ма? 10 миллионды кредитке, ал қалған 5 миллионды өзім төлесем?», – деді тілшілер.
Министр жеңілдетілген автокредиттің шекті сомасы 10 миллион болса да, одан қымбат көлік алуға болатынын жеткізді.
«5 миллионды немесе басқа бір соманы өзіңіз төлей саласыз, болды», – деді Өскенбаев. Ал вице-министр Марат Қарабаевтың айтуынша, кредитті рәсімдегеннен кейін қажетті көлік болмай қалса, күтуге тура келеді.
«Пандемия кезінде кезектегі адамдардың саны көбейді. Себебі 6-8 айға дейін күтуге тура келді. Қазір осы мерзім айтарлықтай қысқарып, 3-5 айға дейін түсті. Сосын модель, комплектация мен көліктің түсі бар. Соған қарай бір модель таңдасаңыз, күтуге тура келеді», – дейді Қарабаев.
”Адырна” ұлттық порталы
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.