Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әдепті мемлекеттік қызметші – арлы мемлекеттік қызметші

0 494

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)» бекітілген болатын.

Аталған кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді және мемлекеттік органдарға халықтың сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Әдеп кодексімен мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі 4 стандарты белгіленген. Олар:

  • мінез-құлықтың жалпы стандарттары;
  • қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары;
  • қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары;
  • көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары.
    Бұл ретте, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына жеке тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. Себебі мемлекеттік қызметшінің бейнесі жұмыс уақытында ғана емес, қызметтен тыс уақыттағы іс-әрекеттерінің негізінде қалыптасатындығы белгілі және бұл бейне өз кезегінде мемлекеттік аппаратқа деген халық сеніміне тікелей әсер ететіндігі сөзсіз.
    Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
    1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
    2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
    3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.
    Бұл жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметші беделін түсіретін немесе қоғам тарапынан сын тудыратын ситуациялардан өзін алшақ ұстауы тиіс деген сөз. Себебі мемлекеттік қызметші жұмыс уақытында ғана емес, әр уақытта да мемлекеттік қызметші және оның беделі – мемлекет беделінің бір бөлігі.
    Бақдәулет Сариев,
    Тараз қаласы әкімі аппаратының
    әдеп жөніндегі уәкілі
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.