Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл Жамбыл облысы, Петропавл, Шортандыдағы жарылыстан 27 адам қаза тапты – министр

0 167

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биыл 11 айда атқарылған жұмыс туралы ел алдында есеп берді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 11 айда 12 055 төтенше жағдай тіркелді. Құтқарушылар 11 233 адамды апаттан аман алып қалды.

Биыл апат салдарынан зардап шеккендер 5,5%-ға көбейді. 2021 жылы 1 736 адам (былтыр – 1 645) зардап шеккен. Қаза тапқандардың саны 14,5%-ға көбейген. Биыл 838 адам (2020 жылы – 732) көз жұмды.

Оның ішінде, газ баллоны жарылып, Нұр-Сұлтанда – 2, Петропавлда 2 адам қаза тапты. Ақмола облысы Шортанды ауданында 6 адам, оның ішінде үш бала көз жұмды.

 

Биыл Жамбыл облысы, Петропавл, Шортандыдағы жарылыстан 27 адам қаза тапты – министр

Жамбыл облысындағы әскери қоймада өрт шығып, соңы жарылысқа ұласып 17 адам қаза тапты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.