Қалалық қоғамдық-саяси газет

100-ден аса күй біледі: Қарағандыда тұратын зағип күйші ауыл балаларын домбыра шертуге үйретеді

0 154

Қарағанды облысында ерекше күйші тұрады. Жасы 85-тен асқан Күлмара Рақымбекқызы 100-ден аса күй біледі. Сонымен қатар ол Ақтоғай ауылының балаларына домбыра шертудің қыр-сырын үйретеді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Домбыра 85 жасқа келген Күлмара Қақымбекқызының өмірлік серігіне айналған. Күніне бір рет аспапты қолына алып, жақындарын қуантуды әдетке айналдырған. Күйшінің көзі 4 жыл бұрын толығымен көрмей қалған. Алайда бұл оның домбыра шертуіне кедергі келтірмеген.

Күлмара әжейге музыкалық талант әкесінен дарыған екен. Ол да аймаққа белгілі күйшілердің бірі болған. Аспапты қолына алғаш 7 жасында алған, ал 13 жасында мектепшілік музыкалық ансамбль құрған екен. Күлмара Рақымбекқызы – белгілі Аққыз күйшінің шәкірті, шерте күйлерді жалғастырушы.

«Әр уақытта күйшінің жанында болуға тырысатынмын. Ол білетін шығармаларды жаттап алдым. Оның батасы әлі есімде: өмірде нендей жағдай болмасын, домбыраны тастаушы болма», –  дейді Күлмара Рақымбекқызы.

Күйші 35 жыл музыкалық мектепте сабақ берген және «Тоқырауын толқындары» ансамбльінің құрамында өнер көрсеткен. Қазақ күйлерін ол Мәскеу, Түркия және Үндістан сахнасында орындаған. Бүгінгі күнге дейін Күлмара әжей республикалық және облыстық жарыстарға қатысады. Оның репертуарында 100-ден аса күй мен дәстүрлі әндер бар.

«Домбыра әрдайым жанында жүреді. Адамдарға домбыра шертіп беруден рахат алады. Оның алты  баласы да өнерге жақын, домбырада, гитарада, пианинода ойнайды», –  деді Ақтоғай ауылының тұрғыны Назигүл Түсенова.

Күлмара Рақымбекқызы – бірнеше күйдің авторы. Күйлерінің біреуін әжей марқұм ұлы, белгілі күйші Ерлан Жандығұловқа арна

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.