Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бірнеше жыл министр болып отырсыз, сұраққа нақты жауап бермейсіз бе?»: Сұлтанов ұятқа қалды

0 200

Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Еділ Жаңбыршин өңірлерде халық азық-түлік бағасының күн сайын қымбаттап жатқанын айтып, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтан жағдайдың қалай реттеліп жатқанын сұрады деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Өткен айдың бір аптасының ішінде кей өңірде азық-түлік бағасының өсу деңгейі 36%-ды көрсетіп отыр. Сататистикалық дерек бойынша қазақстандықтар табысының жартыснан көбін азық-түлік алуға жұмсайды екен. Біздің азаматтардың еңбек ақысының өсу деңгейі әлеуметтік маңызы бар тамақтардың бағасының өсу деңгейіне ілесе алмай отыр. Бұған қоса, азық-түлік көлемінің жеткілікті болуы мәселесі де сұрақ тудырады. Осы ретте бағаны реттеуді қалай жоспарлап отырсыздар?» – деді Еділ Жаңбыршин.

Бақыт Сұлтанов алдымен әлемдегі жағдайға тоқталып, бағаның қымбаттауы барлық елде болып отырғанын жеткізді.

«Геосаяси жағдайға байланысты әлемде бағаның жаппай өсуі бізге де кері ықпал етіп отыр. Әлемде жыл сайын 20 пайызға азық түлік бағасы өсті. Еуропада да 5-7 пайызға дейін инфляция тіркелді. Көршілес елдерде де бағаның өсуі 15 пайызға жетіп отыр. Бұған қоса, теңгенің 18 пайызға құлдырауы бағаның қымбаттауына әсер етіп отыр. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың қоры 1 миллионды құрайды. Кейбір тауар түрлерін сыртқа шығаруға тыйым салынды. Үй маңайындағы дүкендер әкімдіктердің түсіндіру жұмыстары негізінде тауар бағасын 15 пайызға дейін түсірді. Бағаны көтерген дүкендерге айыппұл саламыз. Ірі базарларда да тексеріс басталды. Оның ішінде «Алтын орда» базарына қатысты тексерісті Бас прокуратура аяқтады», – деді министр.

Осы сәтте министрдің жауабына қанағаттанбаған депутат сауалға нақты жауап беруді сұрады.

«Мен түсінбедім! Нақты үш сұрақ қойдым. Сіз бірнеше жылдан бері министр болып отырсыз. Менің сұрағыма нақты жауап бермейсіз бе? Біріншіден, елдің азық-түлік бағасы жасалды ма? Екіншіден, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай жоспар бар? Бағаны ұстауға кәсіпкерлер мен бюджеттен басқа қандай жоспар бар? Осы сұрақтарға жауап бермедіңіз. Сөз көп, сорпаның ішінде түйір жоқ», – деді министрдің жауабына көңілі толмаған Жаңбыршин.

Сонда да Бақыт Сұлтанов екі-үш жыл ішінде сырттан импорттап отырған 6 тауарды өзіміз шығаратынымызды айтып құтылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.