Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баян Мақсатқызының қызы көпшілікке ақыл айтты

0 350

Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында қазақ қыздарының тәрбиесіндегі «ең үлкен қателікті» айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Оның айтуынша, біздің елде қыздарды үй шаруасына бейімдеп, күйеуі мен отбасына қызмет етуге тәрбиелейді. Бұл жағдай көптеген нәзік жандардың бақытсыз өмір сүруіне әсер етіп жатыр. Ал оның өзі үй шаруасымен сирек айналысатынын, көп уақытын сәбиіне, бизнесіне және өзіне ғана бөлетінін  ескертті.

Сонымен қатар ол көптеген қыздардың бала кезінен күйеуіне, туыстарына, үйге қызмет етуге үйреніп өскенін, содан көп әйелдер бақытты бола алмайтынын атап өтті.

«Көптеген қыздар тұрмысқа шығып, сол сұмдықпен шынайы өмірде бетпе-бет келеді. Өмірде ең үлкен қателікті жібермеу үшін дұрыс адамды таңдауы керек деп кеңес беремін. Бұл мәселеге келгенде өз жүрегіңнен басқа ешкімді тыңдама! Тағы айтарым: Оқыңдар, оқыңдар және жұмыс істеңдер!» – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.