Қалалық қоғамдық-саяси газет

Баянды болашақтың бастауы

0 91

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған өзінің Жолдауында Жаңа Қазақстан құру жолында әрі ел экономикасын көтеру бағытында бес бағытқа ерекше тоқталғаны белгілі.

Ол: «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция», «Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту», «Заң және тәртіп». Аталған құнды құжатта ел Президенті: «Біз «Азамат – биз- нес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет ең алдымен бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесе- міз», – деп атап көрсетті. Кәсіпкерлікті қолдау, бәсекелестікті дамыту, жер қойнауын игеру, елдің транзиттік қуатын арттыру, сондай-ақ адамдардың денсаулығы мен білім алуына жағдай жасау, ол бағытта мектептер мен ауруханалардың құрылысын одан әрі жалғастыру, сондай-ақ әлемдік деңгейдегі күрделі мәселе жемқорлық тақырыбы да күн тәртібінен түскен жоқ. Жалпы ҚР Президенті осы және өзге де маңызды мәселелерге ерекше тоқталып: «Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ. Ел бірлігі қашанда ең басты құндылық саналған. Қазір оның өзектілігі арта түсті. Халқымыз татулық пен тұрақтылыққа ерекше мән берген. Оны бәрінен биік қойған. Біз дәл осы кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек», – деп ерекше екпін түсірді.

Біз де өз тарапымыздан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген бағыттар бойынша өз саламызда жемісті еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында ашықтық пен адалдық принципін ұстануымыз қажет. Жолдауға қолдау көрсету біз үшін міндет болуға тиіс. Ендеше, тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуы жолында атқарып жатқан жұмысымызды одан әрі еселеп, мемлекетіміздің дамуына өз үлесімізді қосайық.

Әлібек АБСАТОВ,облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.