Қалалық қоғамдық-саяси газет

Дауылдан айтарлықтай шығын  келген жоқ

0 732

Тараз қаласының аумағында 14-15 қарашада 15-20 м /с жылдамдықпен, кейде 23-28 м/с екпінмен дауылды жел тіркелді. Салдарынан Төле би даңғылы №116 үйінің тұрғындары тарапынан ауданы 50 шаршы метр жұмсақ шатыр мен гофрленген тақтайшаның және Менделеевтің 3-ші тұйық көшесінің №13 үйінің 40 шаршы метр жұмсақ шатырының бұзылуы туралы өтініштер келіп түскен.

Қазіргі уақытта қала әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің қызметкерлері қала аумағында орын алған фактілер бойынша тексеру жүргізуде. Ал білім беру және денсаулық сақтау нысандарында шатырдың зақымдануы тіркелген жоқ. Алайда «Шаңырақ» ықшам- ауданындағы тарату пунктінен 920- шы трансформаторлық торапқа өтетін электр желісі желдің салдарынан істен шығып, 28 үйде электр қуаты апатты түрде ажыратылды. Сондай- ақ №15 ықшамауданда (19 учаске) 4 көпқабатты үйдің электр қуаты апатты түрде сөндірілді. Мердігерлік мекеме үйлерді уақытша электр желісімен қамтамасыз етті. Сонымен қатар жеке үйлердің тұрғындарынан электр қуатын өшіру туралы 16 өтініш түсті. Осы мекенжайлар бойынша электр қуатын қалпына келтіру үшін БГЭС-тің 6 апаттық бригадасы жұмыс істеуде.

Бағдаршамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін де қала бойынша 3 бригада жұмыс істеді. Соның нәтижесінде Жамбыл даңғылы – Бейбітшілік көшесі, Төле би даңғылы – Махамбет батыр көшесі, Абай даңғылы – Әйтеке би көшесі, Абай даңғылы – Қазыбек би көшесі, Төле би даңғылы – Аққозиев көшесі, Төле би даңғылы – Ұлбике ақын көшесі, Төле би даңғылы – Әл-Фараби көшесі қиылысында бағдаршамдардың жұмысы қалпына келтірілді. Ниетқалиев-Жалайыри көшелерінің қиылысында бағдаршам нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жуырда ол да іске қосылады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және кептелістердің пайда болуына жол бермеу мақсатында патрульдік полиция тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды.

Сонымен қатар 25 билборд (28 баннер), 3 пилон, 1 қоршау, 1 МАФ зақымдалды, 6х12 өлшемді Тұңғыш Президент саябағында мемлекеттік ту жыртылған. Оларды да жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

14 қарашаға қараған түн і тұрғындардан Қолбасшы Қойгелді көшесі №101, Сәтбаев-Қойгелді көшелерінің қиылысында желдің салдарынан ағаштардың құлауы туралы өтініштер келіп түскен. Осы мекенжайлар бойынша «Жасыл ел- Тараз» ЖШС қызметкерлері ағаштарды алды. Қала бойынша 2 бригада жұмыс істеуде.

Бүлінген дүниелердің барлығы дерлік қалпына келтірілуде.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.

error: Көшіруге болмайды! Редакцияға хабарласыңыз.