Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бәрінің көзінше еденде сүйреген: Қарағанды облысында мектеп мұғалімі 13 жасар оқушыны ұрып-соқты

0 8  907

Қарағанды орта мектептерінің бірінде дене шынықтыру сабағы кезінде мұғалім оқушысына қол көтеріп, оны еденде сүйреген, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандының танымал блогерлерінің бірі өзінің Instagram парақшасында шағымданып келген әйел туралы пост жариялады. Әйел он үш жасар ұлына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қол көтергенін хабарлаған. Оқиға Майқұдық ауданындағы 34-ші орта мектепте болған.

Оқытушы баланың басынан бір-екі рет соғып ұрып жіберген. Сондай-ақ, бүкіл сыныптастарының көзінше кеудешесінің капюшонынан тартып еденде сүйреген.

«Кімнің кінәлі екенін білмеймін, мүмкін менің ұлым бұл оқиға кезінде жағдайды өзі ушықтырған шығар, бірақ мұғалім балаларды ұрмауы керек, баланың бабын таба білуі керек», – деп жазады оқушының анасы.

Қарағандының білім бөлімі болған оқиға қатысты пікір білдірді.

«Директор аталған факті бойынша қызметтік тергеу басталғанын айтты. Болған жағдай туралы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өзі айтып берген. Мектептің спорт залында бейнебақылау камерасы бар, бейнежазба бұл жағдайды объективті түсінуге көмектеседі. Қызметтік тергеу қорытындысы туралы қосымша хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.