Қалалық қоғамдық-саяси газет

Облыс әкімі Жамбыл ауданының Тараз қаласындағы күндеріне қатысты

0 127

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Туған жерім – дархан далам!» атты Жамбыл ауданының Тараз қаласындағы күндеріне арналған іс-шаралар ерекше леппен басталды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл ауданының бүгінгі кешке әзірлеген қолөнер бұйымдарын, аудан тарихына арналған көрмелерді, этнос өкілдерінің бағдарламалық іс-шарасын, 14 түрлі ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралап, аудан өнерпаздарының концерттік қойылымдарын тамашалады.

Айта кетер болсақ, Жамбыл ауданы ауылшаруашылығының 14 түрлі өнімі Тараздың қақ төріне қойылды.

Жәрмеңкеде 200 келі сиыр еті, 270 литр сүт, айран, 3000 дана жұмыртқа, 900 келі жеміс-жидектер, 1150 келі пияз, 500 келі картоп, 250 келі шұжық өнімдері, 250 келі сәбіз, 70 келі ірімшік, қаймақ, сүзбе, 30 литр қымыз, 100 келі қырыққабат, 50 келі қияр тараздықтардың назарына арзандатылған бағада ұсынылды.

Сондай-ақ кітап көрмесі, салт-дәстүріміздегі ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген шара тараздықтардың көңілін көктем етті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.