Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандықтар 5 күнде науқас қызға 11 миллион теңге жинап берді: Айаруға анасы бүйрегін береді

0 324

Бүйрек жеткіліксіздігінен ауыратын шымкенттік 11 жасар Айаруға қазақстандықтар 5 күннің ішінде 11 млн теңге қаражат жинап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттік қызға жедел түрде бүйрек ауыстыру операциясы қажет болған. Тиісті соманы жинау 21 желтоқсан күні басталып, бар болғаны 5 күннің ішінде қамқор қазақстандықтар емге қажетті 11 млн теңгені жинап берді. Түрік дәрігерлері қызды бүйрек трансплантациясын жасау үшін күткен. Қазір Түркияда жүрген Айару анасымен бірге алдағы болатын отаға дайындалуда.

«Айарудың жағдайы Түркияда жақсырақ, қан қысымы қалыпқа келді, оған түрік таблеткаларын жазып берді. Желтоқсанның 31-і күні таңғы 9-да бізге ота жасау керек еді. Шетелде менің бүйрегім Айаруға сай келетіні туралы айтты. Түркияға келе салысымен екеуміз де генетикалық сараптамадан өттік, нәтижесі егер мен бүйрегімді қызыма берсем қайғылы оқиға болмайтынын көрсетіп берді. Сондай-ақ Түркиядағы донор 47 жаста, ал мен 32-демін, адам неғұрлым жас болса соғұрлым жақсырақ деп түсіндірді түрік дәрігерлері», – дейді Айару Қадырдың анасы Мақпал Алтынбекова.

Айару өзін қандай қиын ота күтіп тұрғандығын түсінеді, дейді анасы. Бүлдіршін тіпті анасына бүйрегін бергеннен кейін өзі қамқорлық танытатынын айтатын көрінеді.

«Бүйрегімді ауыстырғаннан кейін балмұздақ, шоколад және барлық тәттілердің дәмін татқым келеді. Сондай-ақ мектепте оқуды бастап, биге, өнерге, шахматқа барғым келеді және саябақта алаңсыз серуендегім келеді. Мен Аяз атаға хат жазып, өзіме қуыршақ ал анама айфон әкеліп беруін өтіндім. Өзім болашақта дәрігер немесе даяшы болуды армандаймын», – дейді кішкентай Айару.

Операциядан кейін Айару бір апта бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Түрік дәрігерлері отбасына 3 ай бойы оңалту үшін қалуға кеңес береді. Сол себепті Мақпал ақша жинауды әлі тоқтатқан жоқ, олар әлі де қамқор жандардың көмегіне үміт артады.

«Осындай қысқа мерзімде ақша жинауға көмектескен барша қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді.     Ақпараттық қолдау көрсеткен журналистерге ерекше алғысымды білдіремін. Маған бір уақытта аударылған ең үлкен сома – 100 мың теңге болды. Біздің ұранымыз «Жаңа жылда жаңа өмір бастау». Мен өте қуаныштымын, барлығына тағы да үлкен рахмет», – дейді Мақпал Алтынбекова.

Қажетті реквизиттер:

Kaspi bank: 4400 4301 6167 3022, 8-747-120-58-89 — Мақпал Алтынбекова

Халық банк: 4390 8722 0552 8195 — Мақпал Алтынбекова

Байланыс нөмірі: 8-747-120-58-89 — Мақпал Алтынбекова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.