Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында алаяқтар көбейген

0 498

Мейрам алдында барлығы сыйлықтар мен жаңа жылдық шыршалар сатып алуда. Алайда барлығында дүкенге баратын мүмкіндік болмайды. Сондықтан көпшілігі ғаламтор дүкендерін пайдаланып, сауда жасауда. Алайда мұны пайдаланғысы келетін алаяқтар да көбейген. Алдау жүйесі қарапайым: сатушылар жоқ тауарларды сатылымға шығарып, қосымша сыйлық беруге уәде береді, деп хабарлайды  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Наталья Соловьеваның үйіне шырша алмақшы болған. Үш баланың анасы дүкенге баруға мүмкіндік болмағандықтан, ғаламтордың көмегіне жүгінген. Екі метрлік шырша үшін 57 000 теңге сұраған алаяқтар сыйлыққа гирлянда беретінін жазған. Тауардың ақшасын жіберіп қойған Наталья шыршаны ала алмапты. Ал сатушы тұтқасын көтермейді.

«WhatsApp арқылы жазып, үш күннен кейін алатынымды айтты. Бірақ тауар келмеді. Күдіктеніп, сайтқа кіріп көрдім. Уайымдап, шыршаны сатып алған адамға хабарластым, бірақ қоңырау бармады. Қызымнан басқа сатып алушы ретінде сөйлесуін сұрадым. Достарым да хабарласып көрді, тұтқаны бірден көтереді. Яғни ол мені алдап кеткенімен қоймай, басқа да адамдарға шырша сатқысы келеді», – деді Наталья Соловьева.

Алаяқтардың алдау жүйесі бірдей: өзге тауарлардың суретін алып, науқан және жаппай сатылым жайлы хабарлама жариялайды. Ал шын мәнісінде бұл адамдарды алдап соғудың бір жолы ғана.

«Біз сатушыны кездестіргенде, қуанып, бірден ақшаны аударып жібердік. Сыйлықтардың барлығын қарашада дайындап қойғанбыз. Көңіл күйіміз керемет еді, сондықтан шырша іздей бастадық. Ал бізді осылай алдап кетті», – деп қосты ол.

Жаңа жыл алдында алаяқтар көбейеді. Азаматтарды жалған онлайн дүкеннің парақшасымен алдайды. Сарапшылар ақшаны аудармас бұрын сайтта кері байланысқа шығуға арналған телефон нөмірінің бар-жоғын тексеруге және сатып алушылар пікірімен танысуға кеңес береді. Ал алданып қалсаңыз, парақшаны скриншот жасап, нотариалды түрде растау қажет.

«Инстаграмға» келетін болсақ, тек жазып қана қоймай, қойма болса, барып көріңіз. Кез келген уақытта әлеуметтік желі арқылы сауда жасаудың ресми емес екенін ұмытпаңыз, яғни ешқандай сайт, тұтынушылармен жұмыс істейтін сервис болмайды», – деп мәлімдеді Қазақстан Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская.

Алданған Алматы тұрғыны ақшасының қайтарып алудан үміттенбейді, дегенмен полицияға арыз түсірген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.