Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 1 200 балдырған мен 400 отбасына жаңажылдық сыйлық берілді

0 291

Жаңа жыл – әрбір бала ерекше күтетін, көздеріне нұр, жүздеріне шаттық сыйлайтын, жаңажылдық сыйлық алғысы келетін шақ. Шуақты мереке қарсаңында Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі балаларға қуаныш сыйлауды мақсат еткен болатын. Осыған орай қаладағы орналасқан мекемелердің тізімі жасақталып, арнайы тізім әзірленген-ді. Нәтижесінде, мекеме басшыларына арнайы хат дайындалып, 154 мекемеге жолданды. Бүгінде сыйлықтар жинақтау жұмысы жүргізілуде.

Жаңа жылдық сыйлық алуға өтініштер күнделікті түсуде. Осыған сәйкес әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы және толық емес 400 отбасына азық-түлік себеттері табысталды. Бұдан бөлек, 1 200 балаға жаңажылдық сыйлық сыйлау жұмыстары жалғасуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.