Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстандағы газдың бағасы басқа елдермен салыстырғанда өте арзан: Cарапшылар түсіндірді

0 164

Экономист Андрей Чеботарев Қазақстанда сұйытылған газдың неліктен қымбаттап кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы сарапшы өзінің авторлық каналында жазды.

Сарапшының сөзінше, бензинге ұқсас жағдай нарықты ұзақ уақыт ұстап тұрады.

«2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйылтылған мұнай газы саудасының 100%-ы тауарлық биржа арқылы өтеді. Биржалық сауда-саттық жағдайында газдың бір литрін 60 теңгеге қайтаруды талап ету өте қызық (шындығында ақылға қонымсыз). Нарықтық экономикада бұл мүмкін емес, әрине», – дейді Чеботарев.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, электрондық сауда-саттық арқылы газ өткізу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең дәрежеде жүргізілуде және газдың қажетті көлемін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді.

«Байдильдинов. Нефть» авторлық бағдарламасының жүргізушісі Олжас Байділдинов те осы мәселеге қатысты өз пікірін білдірген.

«Сұйытылған газдың бағасы баяғыда өсуі керек еді. Бұл да басқа тауарлар сияқты нарықтық тауар. Оның негізгі жабдықтары, материалдар, шығын материалдары – импортталады немесе халықаралық бағаларға тікелей байланысты болады. Мысалы, металл Қазақстанда өндіріледі, бірақ толығымен әлемдік бағаларға тәуелді», – деп түсіндіреді сарапшы.

ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына сәйкес сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдары арқылы сатуға көшкен.

газ статистика

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.