Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның Киевтегі елшілігі қазақстандықтарды эвакуациялайды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Украина шығысында жағдайдың шиеленісуіне және Қазақстанмен әуе қатынасының тоқтауына байланысты қазіргі таңда жер үсті көліктерімен Отанға қайтару жолдары пысықталып жатыр. Львов қаласына дейін өз бетінше жету үшін тиімді бағытты таңдауға кеңес береміз», – делінген Қазақстанның Украинадағы елшілігінің хабарламасында.
Алдын ала жиналу орны – Қазақстанның Львов қаласындағы құрметті консулдығы, Замкнен көшесі, 3/1.
Құрметті консул: Маслюк Галина Дмитриевна, +38 (032) 240-34-49, +38 (067) 370-36-10, +38 (093) 373-49-61. E-mail: consul@kazconsul.com.ua.
«Тыныштық сақтауды сұраймыз. Елшілік азаматтарымызға барынша көмек көрсетеді. Өзекті ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігінің сайтынан, әлеуметтік желілері мен мессенджерінен көре аласыздар»,- делінген хабарламада.
Елшіліктің байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08.
Украинада жүрген қазақстандықтар Қазақстанның елшілігіне мына мекенжай арқылы хабарласа алады:
Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй және «қауырт желі» телефондары арқылы: +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.
«Отандастарымыз Харьков (консулдық округ мына аймақтарды қамтиды – Харьков, Сумы және Полтава облыстары), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровненская, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстары), Одесса (Николаевская, Херсонская және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан Қазақстанның құрметті консулдарының кеңселеріне бара алады», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ сыртқы істер министрлігінде қазақстандықтар үшін «қауырт желі» ашылды: +7 (7172) 72-06-06.