Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанға 19 млн халық артық па?

0 140

   «Әлеуметтік кернеулікті үдететін көші-қон бағдарламаларды тоқтатып, Қазақстанға нағыз қажетті мамандардың көшуін ынталандыруға ауысатын кез келді» – деген Д.Ашимбаевтың сөзіне «Отандастар қоры» КеАҚ Ақпараттық талдау департаментінің басқарушы директоры НҰРХАН ЖАЛИЕВ өз фейсбук парақшасында пікір білдірді.

 «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 Фейсбку парақшасынан: «Әлеуметтік кернеулікті үдететін көші-қон бағдарламаларды тоқтатып, Қазақстанға нағыз қажетті мамандардың көшуін ынталандыруға ауысатын кез келді» – дейді Д.Ашимбаев (https://turanpress.kz/regiony/zhanaozenskiy-tupik-2).

Қазақстанның Көші-қон саясатының 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы іріктемелі көші-қонды қалыптастыру қағидасына негізделген болатын. Осындай тұжырымдама 2017-2021 жылдарға да қабылданған. «Іріктемелі» қағидасы Д.Ашимбаев айтып отырған «нағыз қажетті мамандарды» тарту дегенді білдіреді.

Екі бірдей бағдарламаның мақсаты елдің ұлттық бірегейлігі мен қауіпсіздігін сақтау және дамыту шеңберінде көші-қон ағындарының теріс салдарларын азайту болатын.

Не өзгерді? «Іріктемелі көші-қон саясаты» қанша мықты маманды әкелді Қазақстанға? Білетіндер болса тізбектеп беріңіздерші.

Бұл бағдарламалар туралы және олардың нәтижелері жайында Д.Ашимбаев мырзаның естуі барма екен?

Менің білетінім Қазақстанға келген репатрианттар ағыны 2005-2009 жылдары әр жыл сайын орта есеппен 60 мың адамды құраған болса, 2012-2019 ж.ж. репатрианттар легі жылына орта есеппен

10 мың адамға дейін төмендеген.

Ал 1991-2018 ж.ж. кезеңінде Қазақстаннан эмиграцияға кеткендер саны 3,7 млн адамнан асқанын ескеретін болсақ, онда еліміздің демографиялық болашағы мүлдем түнеріңкі болып көрінері сөзсіз.

Соңғы жылдары Қазақстанға келушілер саны мен кетушілер санының теріс айырма сальдосы жылына 30 мың адамның үстіне шықты.

Бұл дегеніміз 10 жыл сайын Павлодар немесе Қостанай сияқты бір қаламыздан айырылып отыратынымызды білдіреді.

Қазақстан территориясы Испания, Франция, Англия, Италия, Германия, Польша, Украина сияқты Еуропаның көлемі бойынша ең ірі 7 мемлекетінің аумағына тепе-тең.

Осындай аумақта Еуропада 400 миллионнан астам халық тұрады.

Д.Ашимбаев сияқты сарапшылардың пікірінше осы 7 мемлекеттің территориясымен пара пар Қазақстанға 19 млн халық көп болып көрінуде.

Кейбір сарапшылардың пікірлеріне сәйкес шет елдерде 7-8 млн қазақ тұрады.

Демографиялық аспектіде бұл үлкен әлеует.

Осы ресурсты біз дұрыс пайдаланудамыз ба?

Adyrna.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.