Қалалық қоғамдық-саяси газет

Аз қамтылған отбасыларға жаңажылдық сыйлықтар таратылуда

0 527

Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тарапынан Жаңа жыл мерекесіне орай сыйлық беру мақсатында қаладағы орналасқан мекемелердің тізімі жасақталып, сыйлықтардың данасы көрсетілген тізім әзірленген. Сонымен қатар мекеме басшыларына сыйлық беруге ықпал ету туралы арнайы хат дайындалып, 154 мекемеге жолданған. Бүгінде сыйлықтар жинақтау жұмыстары жүргізілуде.
Жаңажылдық сыйлық алуға өтініштер күнделікті түсуде. Нәтижесінде әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасыларға, яғни 400 жанұя азық-түлік себеттерімен қамтылды. Сондай-ақ 1303 балаға жаңажылдық сыйлықпен мүмкіндігінше қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда.
Бұл, сөз жоқ, ел игілігі үшін жасалған бастама.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.