Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қауіпті дертке шалдыққан: Байзақова тамақ іше алмай қиналып жатыр

0 188

Атышулы блогер Айжан Байзақоваға соңғы кездері ас батпай жүр екен, деп хабарлайды Экспресс К.  

Осыдан бір ай бұрын Айжан өзінің анорексия ауруына шалдыққанын айтқан болатын. Содан бері танымал блогер қатты арықтап, құр сүйегі қалған көрінеді. Қазір Байзақова емделіп жүр.

Қазір менің жағдайым өте ауыр. Соңғы кездері 48 келіге дейін арықтадым. Тамақты мүлдем жей алмаймын. Өйткені тәбетім жоқ. Енді емделіп жатырмын, — дейді Айжан Байзақова.

 

 

Блогердің айтуынша, ол соңғы уақытта көп уайымдаған. Бұған дейін Байзақованың ұлы анасын «қаншық» деп атағанын жазды. Жақында блогерге белгісіз еркек шабуыл жасады. Айжанның айтуынша, ол өзінің автокөлігінің ішінде алаңсыз отырған. Бір кезде белгісіз еркек оның көлігінің алдыңғы есігіне жүгіріп келіп, бар күшімен терезесін қағып, есігін жұлқи бастаған. Ер адамның бұл әрекетінен қатты қорыққан Байзақова бірден полиция шақыртқан екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.