Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қыздарды тұншықтырып, тонап жүрген 20 жастағы жігіт ұсталды – видео

0 1  397

Polisia.kz-тің мәліметінше, Алматыда қыздарды тұншықтырып, тонаған ұры ұсталды.

Алмалы аудандық полициясының хабарлауынша, 20 жастағы жұмыссыз жүрген А.есімді ер адам ұрлықты тек қана түнде жасаған. Қараңғыда жалғыз келе жатқан қыздарға жақындап, тұншықтырып, тонаған.

«Жедел іздестіру нәтижесінде, 20 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Тонау бойынша үш деректі анықтадық. Біреуі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қыздардан ұялы телефон, ақшаны тартып алған. Ұрлаған ақшамен дүкенде төлем жасап жатқан дерек те тіркелді. Кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

 

 

Бұған дейін елді алдаған ене мен келін туралы жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.