Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда жас жігіт полиция ғимаратынан шыққан соң жоғалып кетті

0 346

1 желтоқсанда Атырауда 21 жастағы жігіт қалалық полиция басқармасына тергеуге барып, ғимараттан шыққан соң жоғалып кетті, – деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі azh.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым өкілдері ол не үшін жауап алуға шақырылғанын білмейді. Журналистердің айтуынша, жігіт дәлізде біраз уақыт отырғаннан кейін көшеге шығып, содан байланысқа шықпаған. Анасының сөзінше, баласымен соңғы рет 30 қарашада кешкі жетіде сөйлескен, содан кейін телефоны өшірулі болған.

Қазір әлеуметтік желілерде жоғалған адамның суреттері мен деректері тарап жатыр. Полиция қызметкерлері де іздестіріп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.