Қалалық қоғамдық-саяси газет

Роза Бағланова туралы «Бұлбұл» телехикаясы көрерменге жол тартады

0 136

Жуырда КСРО халық әртісі және Халық қаһарманы Роза Бағланованың өмірі туралы сыр шертетін телехикая көрерменге жол тартады,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

«2022 жылы 1 қаңтарда аты аңызға айналған КСРО халық әртісі және Халық қаһарманы РозаБағланованың туғанына 100 жыл толады. Осы орайда «Хабар» арнасы әншінің өнегелі өмірінің жарқын сәттері мен қилы кезеңдерін баяндайтын «Бұлбұл» телехикаясын көрермен назарына ұсынады» делінген арна хабарламасында.

Телетуындыда бұлбұл үнді әншінің шығармашылық өмірі ғана емес, азаматтық ұстанымы бар қайраткерлік қырына да мән берілген. Роза Тәжібайқызының қиын балалық шағы, отбасылық өмірі, Ташкент тоқыма институтында оқуы және майдан даласында өнер көрсетуі телехикая барысында тізбектеле түседі.

Аралға араша түсіп, полигон зардабын шегіп жатқан халықтың жанайқайын жеткізген азаматтық үні оның жай әнші ғана емес, ел ертеңін ойлар тұлға екенін көрсетеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.