Қалалық қоғамдық-саяси газет

Атырауда 53 жастағы әйелдің жатырынан 8 келі миома алынды

0 148

Атырауда 53 жастағы әйелдің жатырына ота жасалып, 8 келі миома алынды.

Облыстық ауруханадағы гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Жанаргүл Бекенованың айтуынша, 53 жастағы әйел қабылдау бөлімшесіне келгенде қатты ауырып тұрғанын айтқан.

«Науқастың іші ауырып тұрды. Жүрегі айнып, құсқан. Әлсіз болып, басы айналған. Жыныс мүшесінен қан кеткен. Біздің бөлімше дәрігерлері науқасты толық тексеруден өткізді. Оның қорытындысына сай науқасқа «Жатырдың үлкен миомасы. Түйін некрозы, орташа анемия» диагнозы қойылды», – дейді Жанаргүл Бекенова.

Бөлімше меңгерушісінің жетекшілігімен гинеколог дәрігерлер Інкәр Ондасынова мен Мақсат Туғанбаев науқастың жатырына ота жасап, салмағы 8 келі миоманы алып тастаған. Қазір науқас облыс ауруханасының гинекология бөлімшесінде қарқынды ем-дом шарасын алып жатыр.

Миома – жатырдың қатерлі емес ісігі.

bugin.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.