«AQ JOL» газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Аulieata-media» холдингінің ұжымы мен осы газетте еңбек еткен ардагер журналистер «Жеңіс» саябағының ішіне 100 терек отырғызды. Игілікті іс-шараға Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қатысты.
«Атадан мал қалғанша тал қалсын» деген лайым, сүйікті қаламыздың жасыл-желегі көбейе берсін. Енді Тараздағы «Жеңіс» саябағының ішінде»Aq jol»-дың өз бұрышы бар. Лайым, берекелі ұжымның ынтымақ-бірлігі арта берсін. «Aq jol»-дың 100 жылдығы үлгі-өнегесімен ерекшелене бергей.