Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

0 279

2022 жылғы 19 сәуірде Арын Асқарбековтң төрағалығымен Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, жетінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаттарын тіркеу туралы қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конс- титуциялық заңының 14, 45, 46 және 111-1-бабының 5, 6 тармақтарына, 112-бабына және «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облысы Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының 2022 жылғы 19 сәуірдегі №002 pq қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жетінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының 2 депутатының бос мандаты «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ахатаев Асет Бегалиевичке және Нұрділлаұлы Медетке берілсін.
2. Ахатаев Асет Бегалиевич және Нұрділлаұлы Медет жетінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
3. Жетінші шақырылған Тараз қалалық мәслихатының депутаттарына белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.