Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

0 472

Алматы қаласында өртенген үйден денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды деп жазды turkystan.kz.

Өрт Остроумова көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Өрт туралы хабарлама «101» пультіне кешкі сағат 21:00 шамасында түскен.

Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаевтың айтуынша, өрт сөндірілгеннен кейін бөлмелердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адам өлі табылған.

«Кейін ол – үйдің иесі, 38 жастағы К. есімді азамат екендігі анықталды. Бұрын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Бірақ денсаулығына байланысты бірнеше айдан бері еш жерде жұмыс жасамаған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, ер адамның өліміне  мойнындағы кесілген жарақат, сол жақ кеуде тұсындағы, іш және сол жақ бұғана аймағындағы пышақ жарақаттары және өртену себеп болған. Тергеу барысында 44 жастағы П. есімді азамат анықталды, ол қылмыс жасалмас бұрын жәбірленушінің үйіне қонаққа келген», – деп мәлімдеді Мейірхан Жаңабаев.

Ер адамдардың ішімдік ішкені анықталған. Артынша олардың арасында жанжал туындап, оның барысында П. есімді азамат үй иесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салған.

«Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті үйге өрт қойған. Дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ұсталған ер адам ас үй пышағын бірінші болып үй иесі алғанын, ал ол пышақты жұлып алып, оған бірнеше рет соққы жасағанын айтты. Кісі өлтірудің нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады», – деді Жаңабаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.