Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жүзіңіз бен жүрегіңіз жезөкшелеу»: жас актриса әріптестерін айыптады (ВИДЕО)

0 603

Бойжеткеннің өкпе-ренішін айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады turkystan.kz Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Актриса кино, театр саласында өте көрікті қыздардың көп екенін айтады. Бірақ олар сонша әдемі болғанымен, әркімнің отбасын ойрандап жүреді дейді ол.

«Менің мамандығым – театр актрисасы. Осы салада әдемі қыздар көп. Оларға қызығамын. Бірақ олардың қаншама отбасын ажыратып жүргенін көрдім. Кейін оларға налып, мынадай өлең жаздым», – деген актриса өлеңін оқиды.

Өлең жолдарында ол әріптестерінің көбі екіжүзді дегендей сыңай танытады.

«Жүрсіз-ау іздеп демеу,

Сіз десе, жандар көп қой келер дереу.

Мен сізді басқаша елестеткем,

Былғанбаңыз,

Жүзіңіз бен жүрегіңіз жезөкшелеу», – деп аяқтайды өлеңін актриса.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.