Алматыда көз жұмған отбасына қатысты Полиция департаменті бастығының орынбасары пікір білдірді
Қайғылы оқиға Жетісу-1 шағынауданында болған.
Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов 9-қабаттан әйел 3 баласымен секірген жерге келді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Жетісу-1 шағынауданында болған.
«Отбасы мамыр айынан бастап үй жалдап тұрған. 2014 жылы үйленген жақсы отбасы. Ерлі-зайыптылар бұрын сотталмаған», – деді Абдрахманов.
Бұған дейін 9-қабаттан 28 жастағы әйел 3 баласымен секіріп, көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.