Қалалық қоғамдық-саяси газет

320 адамның атынан несие алған азамат ұсталды

0 335

  Семей тұрғыны қазақстандықтардың жеке куәлігі жоғалғаны туралы Желідегі хабарламаларды тауып, 10 миллион теңге несие рәсімдеген. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Oinet.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде құжаты жоғалғаны туралы хабарландыруларды тауып, сол арқылы шағын несие алуға өтініш берген. Күдіктіні Атырау облысының Полиция департаменті қызметкерлері құрықтаған.

– Сонымен қатар, жәбірленушілер несие мерзімі кешіктірілгені туралы хабарлама келгенге дейін өз атына несие алынғанын білмеген. Қазіргі уақытта 10 миллион теңгеден аса шығынға ұшыраған 320 адам анықталды, – деді Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.