Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда ай сайын 300 адам жол-көлік апатынан зардап шегеді

0 409

Өткен 9 айда оңтүстік астанада тек көлік апатынан 3 мыңға жуық адам түрлі деңгейде дене жарақатын алған, деп хабарлайды Экспресс К.  

Экспресс К редакциясының Newscorr азаматтық журналистика жобасына келіп түскен материалдар бойынша Алматы қаласында тіркелген жол-көлік оқиғаларының бейне топтамасын ұсынады.

Авто жүргізуші мен жаяу жүргіншілердің кесірінен болатын жол апаттары Алматы қаласында тәулігіне ондап тіркеледі. Мәселен өткен 9 айда тек жүргізушілердің ереже бұзуынан 2614 көлік апаты тіркелген. Салдарынан 2977 адам жарақат алып, оның 73-і қаза болды.

Сонымен қатар көлік жүргізушілердің жаяу адамдарды қағып кету отқиғалары да жиілеп кеткен. Ресми дерекке сүйенсек жаяу жүргіншілерге арналған жолдарда 1023 адам жарақат алып, 44 кісі қайтыс болды. Полиция департаменетінің мәліметі бойынша барлық жол-көлік апатының 50% көлік жүргізуді жаңадан үйренген жүргізушілерге тиесілі екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.