Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жарыс алаңындағы жастар

0 1  240

Ашық алаң. Әділ төреші. Білікті бапкерлер. Тегеурінді қарсыластар. Бұл дода бұрынғыдан өзгерек. Жастардың мақсаты бұл жолы бәсекелесінен оза шауып орын иелену болған жоқ. Спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыпастыру.

25-қазан Республика күніне орай Дулати университетінің студенттері кіші футболдан және волейболдан факультет және ұйым арасында жарыс өткізді.

Жалпы командалық есеп бойынша волейболдан «Жалын» волонтерлық клубы жеңіске жетсе, екінші орынды «Қазақстан волонтерлар лигасы», үшінші орынды «Қазақстан студенттерінің алянсы» алды. Ал футболдан «Ақпараттық технологиялар» факультетінің белсенді жастары біріншіліктен көрінсе, екінші орынды «Қазақстан волонтерлар лигасы», үшінші орынды «Жастар рухы – Жастар қанаты» ұйымы еншіледі.

Студенттік кезеңді пайдалы өткізуге шақыратын Жастар ісі жөніндегі комитеттің бастамасымен университет көлемінде жоғары деңгейдегі шаралар ұйымдастырылады. Жайдары, жалынды жастар үшін барлық уақытта қолдау табылады.

Дулати университетінің медиа-қызметі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.