Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында қаңтарда ұрланған тапанша табылды

0 477

Алматы облысында қару-жарақ қоймасы табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №57 мекеменің қызметкерлері қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестірді.

«Іздестіру кезінде Ескелді ауданы Жастар ауылындағы аялдама жанындағы тас астынан тығулы оқ-дәрісіз сауытымен бірге Макаров тапаншасы табылды», – делінген хабарламада.

Аталған дерек соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі, яғни «Қаруды заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.