Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлыбританияның жаңа патшасы кім болғаны белгілі болды: Ол өзіне Карл III есімін таңдап алған

0 685

70 жыл билікте болған Елизавета ІІ Шотландиядағы Балморал сарайында дүниеден өтті. Оның орнына таққа тұңғыш ұлы 73 жастағы Чарльз отырып, Ұлыбританияның жаңа королі атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлыбританияның жаңа королі тақтағы есімін таңдап қойған – Карл III. Дегенмен әлі ресми түрде монарх болып жарияланбады.

Карл III жұма күні мұрагерлік кеңестің отырысында патша болып жарияланады, одан кейін Ұлыбритания бойынша аза тұту турына қатысады.

Оның әйелі Камилла автоматты түрде билеушінің әйелі атағын алады. Ханзада Уильям тақ мұрагері болды және Уэльс ханзадасы титулын алды, ал оның әйелі Кейт Миддлтон енді Корнуолл герцогинясы деп аталады.

Елизавета II-нің жерлеу рәсімі 10 күннен кейін өтеді, осы уақытқа дейін елде ұлттық аза тұту жарияланды. Ұлыбритания патшайымы Елизавета II Виндзор сарайының аумағындағы әкесінің (король Георг VI) мемориалдық шағын шіркеуінде жерленеді.

Көптеген мемлекеттердің басшылары 96 жастағы монархтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. АҚШ президенті Джо Байден өзінің ресми мәлімдемесінде Елизавета II тек британдық монарх емес екенін, ол дәуірді анықтағанын атап өтті.

Айта кетсек, сейсенбі күні II Елизавета Балморалда Борис Джонсонның отставкасын қабылдады. Оның орнына премьер-министр қылып Лиз Трассты тағайындап, оған жаңа үкімет құруды тапсырды.

Еске сала кетейік, патшайым таққа 1952 жылы 25 жасында отырған еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.